Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Данияр Елеусінов ұлымен ерекше "жекпе-жек" өткізіп, желіні тәнті етті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

IBO нұсқасы бойынша бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов Instagram парақшасында ұлымен бірге түскен әсерлі видеосын жариялады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл бейнероликке сүйсініп, жылы пікірлер қалдырды.

Данияр Елеусінов ұлымен ерекше "жекпе-жек" өткізіп, желіні тәнті етті (ВИДЕО)
instagram/@yeleussinovdaniyar

“Қазақтың гүрілі” мен Мұхаммедтің жылдамдық жарысы

Бейнероликте Данияр Елеусінов пен оның ұлы Мұхаммед қолдың жылдамдығына байланысты жарысып, ауаға соққы жасап тұрған сәттері көрсетіледі. Пост астына боксшы:

“Ұлыммен бірге жылдамырақ болуға тырысып жатырмын”, – деп жазған.

Көрермендер видеоны жылы қабылдап, “от” пен “жүрек” эмодзилерімен толы пікірлер қалдырды. Жазба 1,5 мыңнан астам лүпіл жинады.

Жаңа лига – жаңа мүмкіндік

Қазір Данияр Елеусінов АҚШ-та жаңа бокс лигасындағы дебютіне дайындалып жатыр. Бұл лига UFC президенті Дана Уайт пен Сауд Арабиясының ықпалды инвесторы Турки әл аш-Шейхтің бастамасымен құрылған. Алайда алғашқы жекпе-жегінің нақты күні әлі белгісіз.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір