
Олимпиада чемпионы, белгілі дзюдошы Елдос Сметов әлеуметтік желіде тараған той суреттері арқылы тағы да ел назарына ілікті. Спортшының жарымен бірге түскен кадры жанкүйерлерді ерекше әсерге бөледі.
Әлеуметтік желілерде тараған мәліметтерге қарағанда бұл салтанатты шара Руслан мен Маржанның үйлену тойы болған. Той ерекше сән-салтанатпен ұйымдастырылып, оған танымал қонақтар да келген. Солардың қатарында Елдос Сметов те бар.
Фотозона мен меймандардың киім үлгісі бұл кештің жоғары деңгейде өткенін көрсетеді. Желі қолданушылары Елдостың қарапайымдылығы мен жанұясына деген ықыласын жоғары бағалап жатыр.
Желіде ерекше талқыланған сәттердің бірі — Елдос Сметовтің жұбайымен бірге түскен суреті. Кадрда спортшы жарының қолынан нәзік ұстап, мейіріммен жымиып тұр. Бұл сурет көпшілікке махаббат пен сыйластықтың үлгісі ретінде әсер қалдырды.
Айта кетейік, бұған дейін Елдос Сметов туралы деректі фильм түсірілетіні жайлы ақпарат тараған болатын. Фильмде оның спорттық жолы мен жеке өмірінің қыр-сыры ашылады деп күтілуде.