Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Бұл хайп емес пе?": Қайрат Нұртастың жары Жұлдыздың дөңгеленген іші елді шулатты (ФОТО)

Редактор Penalty.kz
04.06.2025, 10:50

Қазақстандық шоу-бизнес тағы бір шумен оянды: актер әрі продюсер Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram парақшасында дөңгеленген ішін көрсетіп, желі қолданушыларын елең еткізді.

NUR.KZ
NUR.KZ

“Жоспарым бар еді, бірақ Жаратқанның жоспары бұдан да жақсы...”

Жұлдыз жазбасында былай деп жазды:

“2025 жылға арналған өз жоспарларым болған. Бірақ оның маған дайындаған сыйы бұдан да ғажап әрі қайырлы екен”, – деп жазды актриса.

Желіде бірден қызу пікірталас басталды. Отандық жұлдыздар да үнсіз қалмады. Әнші Алтынай Жорабаева, тележүргізуші Анна Данченко, актриса Жарқынай Ханайым, Айсәуле Бақытбек, Наzима, Жазира Байырбекова сынды танымал тұлғалар бұл жаңалықпен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Қуанған да бар, күмәнданған да бар

Желі қолданушыларының бір бөлігі шын жүректен қуанып, ақ тілектерін жаудырса, енді бірі бұл шындыққа жанаса ма, әлде хайп па деп күмәндануда.

  • “Бұл жай ғана кино рөлі болар”,
  • “Клипке түсіп жатқан сияқты”,
  • “Қызының соңғы қоңырауында іші тегіс еді”,
  • “Төрт баласы бар емес пе, осы жетер”,
  • “Қайратпен ажырасты дейді ғой, бұл кімнен?” – деген пікірлер қарша борады.

Ал Жұлдыз болса, пікірлерге әзілмен жауап берді:

“Сіздердің комменттеріңіз – нағыз хит!” – деп жазды ол.

Ажырасқан ба, әлде жұрт қателесті ме?

Айта кетейік, Жұлдыз Әбдукәрімова мен Қайрат Нұртас төрт баланың ата-анасы: қыздары Алау мен Сезім, ұлдары Нарұл мен Хан. Соңғы уақытта олардың арақатынасы туралы түрлі болжамдар айтылып келеді. Қазір Жұлдыз Астанада, ал Қайрат Алматыда тұрып жатыр.

Бұған дейін Қайрат Нұртас та желіде жұбайына ризашылығын білдіріп, “жақсы жаңалықты бөлісуге дайындалып жатыр” деген ишара жасаған болатын.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір