Айым Сейітметова анасы Данагүлмен әсерлі фотосессия жасады (ФОТО)
Қазақстандық танымал актриса Айым Сейітметова анасы, театр және кино жұлдызы Данагүл Темірсұлтановамен бірге жаңа фотосессия жасап, желі қолданушыларын тәнті етті.
Махаббат пен мейірімге толы сәттер
Айым Instagram парақшасында түрлі ракурста түсірілген түрлі-түсті және қара-ақ түсті кадрларды жариялап, отбасылық жылулықты көрсетті.
Жарияланған жазбаға Айым мен Данагүлдің өнердегі әріптестері мен жанкүйерлері жаппай лүпілдер мен жылы пікірлер қалдырды.
Комментарийлерден үзінділер:
- “Қазақтың ең сымбатты, көркем әрі харизмасы мол арулары!”
- “Айым анасына айна-қатесіз ұқсайды!”
- “20 жылдан кейін сіз бен Тамосяңыз дәл осылай түсетін боласыздар”
- “Данагүл апайды бала күнімнен сүйіп қараймын, ерекше актриса. Телевизор алдында отбасымызбен бірге күліп отыратынбыз”
Ұрпақтар үндестігі – сахнада да, өмірде де
Данагүл Темірсұлтанова мен Айым Сейітметова – тек сахнада ғана емес, өмірде де нағыз жарасымды шығармашылық тандем. Екеуінің арасындағы мейірімділік пен бірлік көпшілікке үлгі болып отыр.
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер
Пікір жазу үшін кіріңіз.
Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.