
Табиғи образда жүрген Айгүлге халық сенбей қалды.
Белгілі актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева макияжсыз жүрген сәтінде дүкен аралап, ел арасында танылмай қалғанын Instagram парақшасында жариялады. Оның айтуынша, адамдар оны өз көзімен көрсе де, сенбей, "Айгүл Иманбаеваға қатты ұқсайсыз" деп қоя берген.
"Даусыңыз, күлкіңіз, түріңіз – бәрі-бәрі Айгүлге ұқсайды деп жатыр. Біреулер тіпті: "Сіз емес шығарсыз?" – деп сұрайды", – деп жазды әртіс өзінің парақшасында.
Айгүл оқырмандарына ашық сауал тастады:
"Өнер адамдары күндіз-түні, сахнада да, үйде де боянып жүруі керек пе? Әлде шынайы, табиғи қалпында жүргені дұрыс па?" – деп жазды ол.
Иманбаеваның жазбасы желіде қызу талқылануда. Желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды:
Соңғы уақытта Айгүл Иманбаева өзінің жеке өмірі жайлы да ашық айта бастады. Тыңдармандарының сұрағына жауап ретінде:
"Иә, жақында өмірге сәби келеді. Айтамын, уақыт аз қалды. Өте жақын күндері", – деп ағынан жарылды әнші.