Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Әдейі сол көлікті алдық": Фариза Төреәлі сынға жауап берді (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі

Әлеуметтік желіде қызу талқыланған жағдайға әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі түсініктеме берді.

"Әдейі сол көлікті алдық": Фариза Төреәлі сынға жауап берді (ВИДЕО)
sn.kz

Жуырда Фариза жолдасы Дархан екеуі қайын атасына автокөлік сыйлап, жақсылық жасап еді. Алайда көп ұзамай кейбір интернет қолданушыларының сынына ұшырады.

"Арзан көлік пе?" – Желі қолданушыларының сыны

Пікір білдірушілердің бірқатары көліктің құнына назар аударып, жағымсыз пікір қалдырды:

  • "Өздеріне 10 миллион теңгелік бренд алады, ал әкесіне 8-9 миллионның көлігін береді" 
  • "Әкесіне бұған дейін неге көлік сыйламаған?" 
  • "Әйелін жарқыратып жүрген адам әкесіне неге көлік мінгізбеген?" — деген сияқты ойлар айтылды.

Фариза Төреәлі: "Бастысы — әкеміз риза" 

Желіде айтылған сындарға жауап берген Фариза бұл сыйлықтың себебін түсіндірді:

"Біз әдейі осы көлікті сатып алдық. Бұл — ол кісінің алғашқы көлігі. Әзірге үйреніп жүр. Ең бастысы — әкеміз риза. Қалғаны өз уақытында бола жатар", – деді ол өз парақшасында.

Фариза Төреәлінің бұл әрекеті отбасылық ниеттен туған шынайы сый екенін көрсетеді. Қоғамдағы пікір алуандығына қарамастан басты құндылық — ата-ананы қуанту мен құрметтеу. Ал қандай көлік сыйлағаны емес, қандай жүрекпен сыйлағаны маңыздырақ.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір