
Қазақстанның халық әртісі, әлемге танымал әнші Димаш Құдайберген Лондон көшелерімен түнгі серуенге шықты. Алайда бұл серуен жай ғана кешкі демалыс емес, нағыз жанкүйерлер мерекесіне айналды.
Ол бұл сәттің бейнежазбасын Instagram парақшасына жариялап, "Ночной Лондон" деп қысқа ғана сипаттама қалдырды.
Видеода Димашты бірден таныған шетелдік және қазақстандық жанкүйерлер оны қоршап алып, естелікке суретке түсіп жатқаны анық көрінеді. Әнші ешқандай күзетсіз, өте қарапайым кейіпте шын жүректен сөйлесіп, жылы жымиып, барлығына көңіл бөліп отыр.
Желі қолданушылары Димаштың қарапайымдылығы мен ашықтығына тәнті болды. Төменде кей пікірлерден үзінділер келтірілген: