
Қос спорт шебері қасиетті Меккеде бас қосты.
Қазақстанның жеңілмеген кәсіпқой боксшысы Жанқош Тұраров Instagram парақшасындағы stories бөлімінде Елдос Сметовпен бірге түскен видеосын жариялап, дзюдодан Олимпиада жүлдегерінің қажылығы қабыл болсын деген тілегін білдірді. Сонымен қатар ол Елдосқа алдағы Олимпиадада тағы бір алтын жүлде алуына тілек айтты.
"Алла Елдос бауырымның қажылығын қабыл етсін. Париждегі алтыннан кейін тағы бір алтын бұйырсын!" — деп жазды Тұраров видеоға қосымша.
Бұған дейін әлеуметтік желілерде Елдос Сметовтің Меккеде аты аңызға айналған UFC жұлдызы Хабиб Нурмагомедовпен кездескен видеосы тараған болатын. Қос спортшының арасындағы әңгіме ресми амандасудан достыққа толы естеліктерге ұласты.
Белгілі болғандай, Елдос Сметов Хабибтің әкесі, Абдулманап Нурмагомедовпен де бұрын таныс болған. Абдулманап — баласының спорттағы жетістігіне себепкер болған, дзюдоға деген сүйіспеншілігімен есте қалған бапкер.
Сметов — Қазақстан мен Орталық Азия тарихында дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы. Ол әртүрлі дәрежедегі Олимпиада жүлделерін иеленген санаулы спортшылардың бірі:
2024 жылғы Париж Олимпиадасында Елдос Сметов Қазақстанға жалғыз алтын медаль әкеліп, ел спорт тарихында айрықша орынға ие.