Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Нұржан Төлендиев неге киноға түспей жүргенін түсіндірді

Сарапшы, спорт журналисі
11.06.2025, 11:30

Белгілі әзілкеш, "Алдараспан" театрының жетекшісі Нұржан Төлендиев әріптесі Бауыржан Тәңірбергенмен театр ұжымының 15 жылдық мерейтойы аясындағы алдағы жоспарларын айтты. 

sn.kz
sn.kz

Төлендиев екінші рет ата атанды

Бағдарлама барысында актер жеке өміріндегі жағымды жаңалықты да жариялады. Оның айтуынша, жақында ұлы шаңырақ көтеріп, Нұржан Төлендиев екінші рет немерелі болған.

"Қызымның баласы бар еді, енді ұлым да отау құрып, отбасына қуаныш сыйлады", — деді ол.

Актер неге киноға түсуден бас тартып жүр?

Көпшілікті қызықтыратын сұрақтардың бірі — Нұржан Төлендиевтің неге кино әлемінен алыстап кеткені. Бұл сауалға актер былай деп жауап берді:

"Құдай қаласа, алда киноға түсу ойымда бар. Бірақ өзімді әлі толық дайын сезінбеймін. Ең қиыны — штамп, яғни бір рөлдің келесі рөлмен ұқсап кетуі. Қазір қазақ киносының дамуы қуантады. Бұрын тек шетел киноларына барамыз десек, бүгінде апта сайын отандық фильмдер жарық көруде. Бірақ менің көңілімнен шығатын мазмұнды, бас-аяғы бүтін сценарий таппай жүрмін. Егер сондай дүние кездессе, экранға ораламын", — деді Төлендиев.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір