Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Ерке Есмахан жүрек тербеген суреттерімен желіні елжіретті (ВИДЕО)

Сарапшы, спорт журналисі
11.06.2025, 14:30

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан Instagram парақшасында ерекше әсерлі жазба жариялап, оқырмандарының жүрегін елжіретті. Әнші болашақ ананың болмысын бейнелейтін нәзік суреттерін бөлісіп, ішіндегі сәбиін аялап тұрған сәттерін көрсетті. 

Instagram/@erke_esmahan
Instagram/@erke_esmahan

"Армандаған жерімде тұрмын" — Ерке Есмахан

Ерке жазбасында жүрек түкпіріндегі шынайы сезімін ақтарып, Жаратқанға өміріндегі ең басты армандарының орындалғаны үшін алғысын білдірді. Оның айтуынша, дәл қазір өмірінің ең бақытты кезеңін бастан кешуде — отбасында тыныштық, шығармашылығында өрлеу, ал жақындарының сүйіспеншілігі мен тыңдармандардың қолдауы рухтандырады.

"Қазір мен бір кездері армандаған жерде тұрмын", — деп жазды әнші.

Бақытқа бастар жол: шынайылық, сабыр мен еңбек

Жазбада Ерке бұл қуаныш пен ішкі үйлесімділікке жету оңай болмағанын атап өтті. Ол бәріне шынайы ниет, сабырлылық және табанды еңбектің арқасында қол жеткізгенін жеткізді.

"Сәбіміздің алғашқы “уа-уа” деп жылайтын сәтіне де аз қалды-ау, шамасы", — деп жымия жазды ол.

Халықтан — ізгі тілектер легі

Жазба желіде кеңінен таралып, жылы лебіздер мен құттықтауларға толы пікірлерге себеп болды. Оқырмандар Еркені өмірінің жаңа кезеңімен құттықтап, денсаулық, амандық және шаттық тілектерін жаудырды. Көпшілік сүйікті әншісінен қуанышты жаңалықты асыға күтіп отыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір