Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Ермахан Ибраимов Сәкен Майғазиевтің ұлының тойында жарды! (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
12.06.2025, 18:10

Чемпионның ерекше қимылдары әлеуметтік желілерде лезде тарап, жұртты таңғалдырды. 

1bol.kz
1bol.kz

Олимпиада чемпионы той қонақтарын тәнті етті

Аты аңызға айналған боксшы, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойында би алаңына шығып, ерекше қимылдарымен қонақтарды таңғалдырды. Танымал спортшының думанды кеште билеп жүрген видеосы әлеуметтік желілерде лезде таралып, жұрттың ыстық ықыласына бөленді.

Instagram мен TikTok қолданушылары чемпионның көңілді әрі қарапайым әрекетіне жылы пікірлер жазып, Ермахандай тұлғаның халықпен етене араласатынын ерекше атап өтті.

Тойда кімдер болды?

Салтанатты кешке 800-ден астам қонақ шақырылған. Құрметті қонақтар қатарында:

  • Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы
  • ҚР Президентінің көмекшісі Арман Қырықбаев
  • Мәжіліс депутаттары
  • Өңір әкімдері
  • Мәдениет пен спорт қайраткерлері

Той тікелей эфирде өтті

Сәкен Майғазиевтің ұлының үйлену тойын арнайы платформа арқылы тікелей эфирде көрсеткенін хабарлады. Эфирді көру үшін көрермендерге 1380 теңге төлеу ұсынылған.

Бұл жаңалық әлеуметтік желіде түрлі реакция тудырды: біреулер бұл идеяны қолдаса, енді біреулер тойға ақша төлетуді орынсыз деп сынға алды. Ұйымдастырушылардың айтуынша, эфирден түсетін қаражат Сәкен Майғазиевке емес, трансляция жасаған команда мен техникалық шығындарды өтеуге бағытталған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 12
👎 7
😂 1
😡 2

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір