
Қайрат Нұртастың жары әрі актриса Жұлдыз Әбдукәрімова бесінші рет ана атанбақ. Бұл жолы ол қуанышын жасырып қалмай, ерекше фотосессия ұйымдастырды.
Қазақстандық танымал актриса және әнші Қайрат Нұртастың жұбайы Жұлдыз Әбдукәрімова Instagram парақшасында жаңа фотосессиясын жариялады. Бұл жолы ол ақ түсті тоқыма киім киіп, сәнді шляпа мен күннен қорғайтын көзілдірікпен ерекше образ жасады.
Жұлдыз өзінің сторисінде былай деп жазды:
“Адамның көзқарасы мен өмірге деген бағалауы жылдар өте өзгереді. Өзіңді мінсіз етіп көрсетудің қажеті жоқ. Кемшіліксіз адамда өзгелерден артықшылық болмайды. Ең қымбат нәрсе — өзіңмен үйлесімді өмір сүру. Сондықтан өз болмысыңды жоғалтпау маңызды, басқалардың пікіріне тым мән берудің қажеті жоқ”.
Актриса биылғы жүктілігін бұрынғыдан ерекше қабылдап отырғанын жасырмады. Ол өткен жүктілік кездерінде көпшілікке бұл кезеңін көрсетпегенін, бірақ бұл жолы бәрі басқаша болатынын айтты:
“Бұл жүктілігімде көп фотосессия мен видео түсіретін боламын. Себебі алдыңғы кездерде мен үнсіз болдым, жасырынып жүрдім. Ал енді, кешіріңіздер, мен бұл ғажайып күйді жай ғана өткізіп алғым келмейді”, — деп жазды Жұлдыз.
Жұлдыз Әбдукаримова Instagram желісінде белсенділігімен, шынайы ойларымен және өзіндік философиясымен оқырмандарын жиі шабыттандырады. Оның жеке өмірінен бөлісетін әрбір сәті – нәзіктікті, аналық мейірімді және ішкі күшті ұштастыра білудің айқын көрінісі.