
Белгілі қазақстандық комик, шоумен Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйел алғаны жөнінде сыбыс әлеуметтік желілерде кеңінен тарады.
TikTok қолданушылары Қабатовтың жеке өміріне қатысты әртүрлі пікір білдіріп, видео-пікірлер жариялауда. Желіде тараған жазбаларда кейбіреулер белгілі өнер иесінің жас арумен қарым-қатынасы туралы сөз қозғаған. Мысалы:
Бұған дейін БАҚ-та Тұрсынбек Қабатовтың жары Мөлдір Мұқанованың жас жігітпен бірге ән салып, бейнебаян түсіргені туралы ақпарат шыққан. Бұл жағдай да көпшіліктің назарын аудартқан еді.
Сонымен қатар Мөлдір Мұқанова бірнеше жыл бұрын берген сұхбаттарының бірінде күйеуінің тоқал алуына қарсы екенін ашық айтқан:
"Кез келген әйел сияқты мен де тоқалға қарсымын. Егер ондай шешім қабылдаса, оған жол ашық. Бірақ мен онымен бірге өмір сүрмеймін", – деген еді ол.