Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

"Мені Қайрат Нұртастың қызы деп атағаны ұнамайды" – Алау Нұртас жан сырын ақтарды (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 13:15

Белгілі әнші Қайрат Нұртастың екінші қызы, би өнерімен танылған блогер әрі контент жасаушы Алау Нұртас әлеуметтік желідегі тікелей эфирде тыңдармандар сұрақтарына жауап берді. Оның кейбір сөздері көпшілікті ойландырып қойды.

elorda.info
elorda.info

"Менің атым – Алау, Қайрат Нұртастың қызы емес"

Желі қолданушыларының бірі:

"Сізді жеке тұлға ретінде емес, Қайрат Нұртаспен байланыстырған кезде бұл сізге әсер ете ме?" — деп сұрады.

Алау бұл сұраққа шынайы жауап қатты:

"Әрине, әсер етеді. Тіпті қатты тиеді. Себебі мен дүниеге келгенде маған ''Қайрат Нұртастың қызы'' деген есім берілген жоқ. Маған ''Алау'' деген ат қойылды. Бұл – менің жеке есімім. Егер маған біреу: ''Сен Қайраттың қызысың ғой, бірге суретке түссек бола ма?'' десе, келіспеймін", — деді ол.

Әжесінің арман-тілегі — Алауға мұра болмақ

Алау туралы тек әкесі емес, әжесі әрі продюсер Гүлзира Айдарбекова да ерекше пікір білдірген еді. Ол өзінің әлеуметтік желідегі жазбасында немересіне деген махаббатын былай жеткізді:

"Бұл — менің жалғыз әрі ерекше қызым — Алау. Оның есімін ешкімге қойылмаған ерекше атау болсын деп, жалғыз бөлмеде таң атқанша жатып ойлап таптым. Бұған дейінгі алғашқы немеремді Сезім деп атап едім — ол сезімтал болып өсті. Ал Алау — отты, жарқын, көзге бірден түсетін қыз болсын деп тіледім. Қазір де осы қызымды ерекше жақсы көрем. Құдай өмір берсе, тіпті бриллианттарым да соған қалсын деп отырмын. Би билей бер, қызым!", — деп жазды продюсер.

Алау Нұртас өз тұлғасын ата-анасының атағынан бөлек қалыптастырғысы келеді. Ол — өз жолын тауып келе жатқан талантты жас. Қоғамда қалыптасқан "жұлдыз баласы" деген стереотипке қарсы тұрған Алаудың бұл мәлімдемесі көп жастың жүрегіне жол табуы мүмкін.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір