ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ 21-тур

Төреғали Төреәлі жазбасымен көпшілікті тағы ойлантып қойды

Әншілік мансабын тоқтататынын мәлімдеген Төреғали Төреәлі әлеуметтік желіде жаңа жазбасымен көпшілікті терең ойға батырды.

Төреғали Төреәлі жазбасымен көпшілікті тағы ойлантып қойды
instagram/@toregalitoreali

Қарапайым сәттерде жүректің тынысы бар

Қазақстандық танымал әнші Instagram парақшасында қарапайым өмір көріністері туралы ойын бөлісті. Жазба мазмұны оқырмандарды бейжай қалдырған жоқ.

"Қарапайым нәрселерде — терең шындық бар. Күннің иісі. Бала күлкісі. Қара нан. Музыкасыз күн. Дауыссыз таң. Сондай кезде жүрек қайта тыныс алады", — деп жазды Төреғали.

Оқырмандардың реакциясы

Желі қолданушылары бұл сөздерді әншінің ішкі толғанысы мен жаңа өмірлік кезеңге аяқ басуы деп қабылдады. Кейбіреулер оны" шығармашылықтағы жаңа тыныс" деп түсінсе, енді бірі "сағыныш пен саулық тілеген үндеу" ретінде қабылдаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Төреғали Төреәлі өнер сахнасынан кететінін хабарлап, өз жанкүйерлеріне алғыс білдірген болатын. Бұл мәлімдеме қоғамда кең талқыға түсті. Ал соңғы жазбасы — сол шешімнің ішкі астарын білдіретіндей әсер қалдырды.

Бұл туралы не ойлайсыз?

Пікірлер

Пікір жазу үшін кіріңіз.

Әзірге пікір жоқ. Бірінші болыңыз.