Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип Olimpbet
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

"Жас қызды жылатқан бағдарлама жабылсын!" – қазақстандықтар "Бір болайыққа" қарсы шықты (ВИДЕО)

Редактор Penalty.kz
Бүгін, 07:28

Отандық "Бір болайық" бағдарламасы тағы да сынның астында қалды. Бұл жолы студияға келген Малика есімді жас қыз артық салмағына бола буллингке ұшырап, көз жасына ерік берді. 

stan.kz
stan.kz

Тікелей эфирдегі мазақ

Бағдарлама қатысушылары жас қыздың сырт келбетіне қатысты орынсыз әрі ауыр пікірлер айтып, көрерменнің ашуына тиді:

“Еркекке ұнау үшін арықтау керек”,

“Сіз айнаға қарайсыз ба?!”,

“Үміткердің талап-тілегін түсінбегенсіз”,

“Артық майыңыз көзге көрініп тұр”,

“Арықтасаңыз, өзіңізді табасыз…”

Мұндай қорлаулар эфир барысында ашық айтылып, қатысушының психологиялық жағдайына кері әсер етті.

Заңгер араласты: "Бағдарлама жетекшісі қылмыстық жауапқа тартылуы тиіс" 

Threads әлеуметтік желісінде құқық қорғаушы Гауһар Әукен бұл жағдайды заң тұрғысынан бағалап, бағдарлама ұжымына шара қолдану қажеттігін айтты:

“Бұл – ҚР Қылмыстық кодексінің 131-бабы бойынша — бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қорлау. Егер қыз осындай сөздерден кейін өзіне қол жұмсаса, кім жауап береді?! Бағдарламаны жабу керек. Баршаңызды қолдауға шақырамын!”, - деді ол. 

Желі қолданушылары ашулы: “Бұл тек бір қыз емес — қоғамға қауіп”

Көпшілік бұл эфирдің мазмұнын "буллингті насихаттау" және "әйелдерге қысым көрсету" деп бағалап, ашық қарсылық білдірді:

  • “Бағдарламаның әр шығарылымы — кемсіту алаңы”,
  • “Мұндай шоу әйелдерге қарсы зорлық-зомбылықтың жарнамасы”,
  • “Жігіттер де үнсіз қалды — ұят!”,
  • “Қыздың көз жасы – ойын емес!”,
  • “Медиа реттеуші орган назарға алсын!”,
  • “Редакция қайда қарап отыр?!”

Желі қолданушылары Mаликаны қолдап, психологиялық қолдау білдіріп жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 1
😂 1
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір