
Қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова әлеуметтік желіде Алиса мен Алма есімді кішкентай қыздарының жаңа суретін жариялап, көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Суретте Алиса мен Алма дәстүрлі оюлармен көмкерілген киіз үй ішінде, текемет үстінде отырып, қолдарына шағын музыкалық аспаптар ұстаған. Анасы жазбаға түсіндірме қалдырмағанымен смайлик түрінде құлпынай, алма және жүрек белгілерін ғана қалдырған.
Бұл бейне желі қолданушыларының жүрегін елжіретіп, пікір алаңында жылы лебіздерге толы толқын тудырды.
Желі оқырмандары бірден қос қыздың кімге ұқсайтынын жазып жатты:
Бұған дейін Баян Алагөзова отбасында қос қыздың алғашқы туған күнін атап өтуге дайындалып жатқанын мәлімдеген болатын. Алиса мен Алма өткен жылдың тамыз айында, 15 күн айырмашылықпен дүниеге келген.