Илья Ильин донер жеуден жеңімпаз атанды (ВИДЕО)
Қазақстандық ауыр атлетика жұлдызы Илья Ильин ерекше челленджде оза шапты. Бұл жолы спортшының қарсыласы – темір емес, донер болды.
NUR.KZ
Ильин мен досының "дәмді додасы"
Белгілі спортшы әлеуметтік желіде тың жарыс ұйымдастырды. Ол досы Дмитрий Сергеевичпен кім донерді жылдамырақ жеп бітіретінін тексермек болды. Қызықты бәсекеде Ильин қарсыласынан бір қадам алға түсіп, тағамды бірінші болып тауысқан.
Ильин бұл сәтті бейнежазбаға түсіріп, өз парақшасына жүктеді. Жанкүйерлеріне үндеу жасап, келесі жазбада 100 000 теңге ұтып алатын адамды жариялайтынын айтты.
"Достар, біз шынайы жарыс өткіздік! Бейнежазбаны қарап, бірге есептейік — кім қанша рет тістеді? Пікір қалдырып, жеңімпазды болжаңыздар. Дұрыс тапқан жан келесі видеода анықталады!" — деп жазды спортшы.
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet