Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

"Менің дегенімді жасаудан өткен": Гүлзира Айдарбекова ұлының отбасына қатысты ашық айтты

Сарапшы, спорт журналисі
15.09.2025, 17:12

Қазақ эстрадасындағы ең танымал жұлдыздардың бірі Қайрат Нұртастың анасы әрі продюсері Гүлзира Айдарбекова ұлы мен келіні Жұлдыз Әбдікәрімова жайлы алғаш рет ашық пікір білдірді.

"Менің дегенімді жасаудан өткен": Гүлзира Айдарбекова ұлының отбасына қатысты ашық айтты
Stan.kz

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова әлеуметтік желідегі жазбасында Қайраттың өмір жолы, еңбегі және отбасы туралы ойымен бөлісті. Оның айтуынша, Қайрат бала кезінен еңбекқор болып өскен. Бұл туралы stan.kz хабарлады. 

«Титтейінен еңбекқұмар болып өскен ақ Қайроштарыңыз, “болды, атағым бар” деп ешқашан тоқтап қалған жоқ. Әрдайым ізденіс үстінде жүрді. Соның арқасында бүгінгі Қайрат Нұртас болып отыр. Өз брендін жалғастырып келе жатқаны – Алланың берген нығметі», – деді продюсер.

Сонымен қатар ол ұлына қатысты қоғамда айтылатын пікірлер мен сындарға тоқталып, көп жағдайда адамдардың орынсыз ақыл айтатынын меңзеді.

Желі қолданушылары қойған сұрақ

Анасынан жанкүйерлер ең жиі қоятын сауал – Қайрат пен Жұлдыздың қарым-қатынасы. Желі қолданушылары: «Қайрат пен Жұлдыз ажырасып кетті ме?» – деп сұрады.

«Бес баласын тастап қайда кетуші еді? Әрине, бірге. Бірақ бірге жүргендерін жариялай ма, жоқ па – ол өз қалаулары. Менің дегенімді жасаудан өтіп кеткен ғой, өздері біледі. Әркім өз өміріне өзі жауапты. Мен тек өзім үшін жауап беремін», – деп жауап берді оған Айдарбекова.

Өнер иесі сөзінде «ер жігіт үшін ата-ана да, бауыр да, өз отбасы да сынақ» екенін атап өтті. «Ақша мен абыройды беретін де, тартып алатын да – Алла. Оған адамның пейілі әсер етеді. Балаларыңыздың ауызбіршілігі болып, сізге деген құрметі бақытқа жеткізсін», – деп аналық тілек білдірді.

Айта кетейік

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова отбасы жайлы сұрақ қоғамда үнемі қызығушылық тудырады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 2
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

Материалда:

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір