«Ең сүйікті жұп»: Ерке Есмахан Италияда күйеуімен түскен суреттерін бөлісті
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан күйеуі, әнші RaiM-пен бірге Италиядағы демалысынан ерекше кадрларын жариялады. Әнші жанкүйерлеріне отбасы құндылығы мен ұлттық болмысты сақтай отырып, заманауи өмір сүрудің маңызын жеткізді.
Комо көліндегі романтикалық сәт
Ерке Instagram парақшасында күйеуімен бірге Комо көлінің жағасында түскен суреттерін жариялады. Суреттердің астына ол өзінің «Қайда?» әнінен жолдар жазып, әсерлі ойын жазды:
«Біз ауылда да, қалада да, тіпті “ғаламда” да өзімізді жоғалтпауға тырысамыз. Қазақы болмысымызды, сұлулық пен білімді, парасаттылықты сақтай отырып, заманауи болу қажет екенін түсінеміз. Сонда ғана: “Where are you from?” деген сұраққа мақтанышпен “Kazakhstan” деп жауап береміз», – деп жазды әнші.
Әлеуметтік желідегі қолдау
Жанкүйерлер Ерке мен RaiM-нің суреттеріне жылы пікірлер қалдырды:
-
«Керемет көрініс»
-
«Ең сүйікті жұп»
-
«Сіздерге ұзақ бақытты ғұмыр тілеймін»
-
«Тамаша жарасқансыздар»
Оқырмандардың басым бөлігі жұптың бір-біріне деген сыйластығы мен әдемі үйлесімін ерекше атап өтті.