
Әлеуметтік желілерде тараған қауесетке әзілкеш Тұрсынбек Қабатов өзі нүкте қойды.
Соңғы күндері кейбір сайттарда танымал әртіс Астанада интимдік қызмет көрсететін орталықта ұсталды деген ақпарат тараған еді.
Әзілкеш бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын ашық айтты:
«Құрметті достар! Қазір кейбір сайттарда “Тұрсынбек массажға барды дей ме?” деген жалған хабар тарап жатыр. Бұл – өтірік. Мен ешқайда барған жоқпын, еш жерде ұсталған жоқпын. Алматыда он бес күннен бері ресми іс-шараларда жүрмін. “Манхэттан” деген жерді де білмеймін. Бәлкім, алдағы концерттерімнің алдын кесу үшін таратылған ақпарат шығар. Кім жариялағанын анықтап, сөйлесемін», – деді ол өзінің ресми парақшасында.
Осылайша Қабатов әлеуметтік желілерде тараған қауесетті жоққа шығарып, жұртты жалған ақпаратқа сенбеуге үндеді.