Тұрсынбек Қабатовтың ұлына «Қайрат» – «Реал» матчының билеті бұйырды
Қазақстандық әзілкеш, КВН ойыншысы Тұрсынбек Қабатовтың жұбайы Мөлдір Мұқанова ұлының туған күнінде жасаған тосын сыйын әлеуметтік желіде көрсетті.
instagram.com/@moldir.mt
Мөлдір Мұқанова баласына ерекше сыйлық табыстады
Қабатов пен Мұқанованың бес баласы бар – үш қыз және екі ұл. Үлкен ұлдары Нұриманға 12 жас толды. Туған күнде отбасы мүшелері арнайы торт пен гүл шоқтарын алып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Бірақ ең басты сыйлық — көптен күткен «Қайрат» пен «Реалдың» Алматыда өтетін ойынына билет болды. Айта кетейік, 30 қыркүйекте өтетін бұл матчтың билеттері алдын ала түгел сатылып кеткен.
Ұлдың қуанышы мен желідегі реакция
Нұриман тосынсыйды көргенде қуанышын жасыра алмай, эмоциясын еркін білдірді.
Әлеуметтік желі қолданушылары жылы лебіздерін қалдырды:
- «Бақытты бол, Нұриман батыр»
- «Мөлдір, жүрегіңіздегі махаббат балаңызға да беріліп тұр»
- «Таңертеңнен бері мына видеоны көріп, жылап алдым»
- «Әкесіне қатты ұқсайды»
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet