
Қазақстандық продюсер Баян Алагөзованың тобы «Қайрат» футбол клубына қолдау көрсету мақсатында жаңа ән жазып шығарды.
Ән алғаш рет KeshYou тобының ресми аккаунтында жарияланды. Желі қолданушылары мен «Қайраттың» жанкүйерлері жаңа туындыны ерекше ықыласпен қабылдады:
Клипте топ мүшелері алматылық клубтың дәстүрлі қара-сары түстеріндегі киіммен сахналанған. Әртістер таңдаған футбол добы да осы түске үйлестірілген.
Еске салсақ, «Қайрат» — «Реал» матчы 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Рафаэль Оразбахтиннің шәкірттері топтық кезеңде бұдан бөлек «Арсенал», «Интер», «Брюгге», «Копенгаген», «Олимпиакос» және «Пафоспен» де кездеседі.