
"Қазгидромет" РМК 10 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктердің болжамынша, еліміздің бірқатар өңірінде тұман, үсік және екпінді жел күтіледі.
Қызылорда облысында орталық және шығыс аймақтарда шаңды дауыл соғады. Солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз оның жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді. Өңірде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысында шығысында жоғары, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында шығыста оңтүстіктен жел соғып, екпіні 15–20 м/с дейін күтіледі.
Батыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз батыс және оңтүстік бөліктерінде жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді. Батыс, солтүстік және орталық аймақтарда жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығыста төтенше өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының оңтүстігінде төтенше, оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Жамбыл облысында таулы аудандарда тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні солтүстік-шығыста және таулы аймақтарда 15–20 м/с дейін жетеді. Түнде батыс, солтүстік және таулы өңірлерде 1–3 градус үсік байқалады. Батыс пен солтүстікте төтенше, ал орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстік және оңтүстік бөліктерінде 3 градусқа дейін үсік күтіледі. Солтүстігінде төтенше өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысының оңтүстігі мен орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, батыс, оңтүстік және орталық аудандарда екпіні 15–20 м/с болады. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында түнде 1–6 градус үсік күтіледі. Талдықорғанда 10–11 қазан күндері түнде ауа температурасы 4–6 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді.
Атырау облысының батысында найзағай, ал күндіз солтүстігі мен шығысында шаңды дауыл болады. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15–20 м/с дейін жетеді. Солтүстік, оңтүстік және шығыста төтенше, ал солтүстік-шығыс пен батыс аймақтарда жоғары өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысында оңтүстік-шығыстан жел соғып, тау асуларында 15–20 м/с дейін күшейеді. 10–11 қазанда солтүстік, оңтүстік, батыс және шөлді аудандарда төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысында батыс пен оңтүстікте шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15–18 м/с болады. Оңтүстік пен солтүстікте жоғары, ал батыс, солтүстік-шығыс және орталық бөліктерінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.
Абай облысының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.