Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

Үсік және көктайғақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады

Сарапшы, спорт журналисі

"Қазгидромет" РМК 25 қазанға арналған ауа райы юолжамын ұсынды. Синоптиктердің хабарлауынша, бірқатар өңірде тұман түсіп, кейбір облыстарда көктайғақ болады.

Үсік және көктайғақ: Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райы бұзылады
Сурет: ашық дереккөздерден

Шығыс Қазақстан облысында оңтүстік-шығыстан және шығыстан жел соғады. Облыстың оңтүстік-шығысы мен орталығында желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақмола облысының батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Ал облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.

25 қазанда Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.

Қостанай облысында түнде солтүстік пен шығыста көктайғақ байқалады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде және шығысында тұман түседі. Күндіз оңтүстігі мен шығысында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстікте төтенше өрт қаупі, ал оңтүстік-батыста жоғары өрт қаупі сақталады.

Жамбыл облысында таңертең және күндіз оңтүстік-батысқа қарай ауысатын солтүстік-шығыс желі соғады, жылдамдығы 15-20 м/с. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше, орталығы мен оңтүстігінде жоғары өрт қаупі бар.

Маңғыстау облысының оңтүстік-батысында түнде және таңертең тұман түседі, жалпы облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде батыс, солтүстік және шығыста, ал күндіз солтүстік пен шығыста көктайғақ болады. Облыстың батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз шығыс пен оңтүстігінде батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі, солтүстік пен орталықта жоғары өрт қаупі сақталады.

Қарағанды облысының батысында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Атырау облысының солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Облыстың оңтүстігі мен шығысында төтенше, солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.

Ұлытау облысында жоғары өрт қаупі, ал оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Түркістан облысында оңтүстік-батыстан жел соғып, тау асуларында оның екпіні 15-20 м/с жетеді.

Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары, ал батысы, солтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі сақталады.

Абай облысында оңтүстік-шығыстан және шығыстан соққан желдің екпіні облыстың оңтүстігі мен орталығында 15-20 м/с дейін жетеді. Оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір