Логотип партнера
Бонус 10 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип партнера
Бонус 300 000 тг

Лицензия №24358082 от 25.07.2024

Логотип партнера
"Ел Clasico" жобасы

Футбол. Эмоция. Шоу

«Түсі ұнамады»: қазақстандықтар Акмальдің концерттерін болдырмауды талап етті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстанда әлеуметтік желілерде ресейлік орындаушы Акмальдің (Akmal’) Петропавлда өткен концертіне байланысты видео қызу талқыланып жатыр.

«Түсі ұнамады»: қазақстандықтар Акмальдің концерттерін болдырмауды талап етті
Сурет: ашық дереккөздерден

Концерт кезінде бір жанкүйер оған сары-көк түсті қаптамаға салынған алкоголь бөтелкесін сыйға тартқан.

– Мына пакеттi өртеп жіберіңдерші, түсі ұнамай тұр, – деді әнші.

Бұл сөз көпшіліктің ашуына тиді.

Видео әлеуметтік желілерде жылдам тарап, қазақстандықтар наразылығын білдіріп жатыр. Көпшілік оны Украинаға қарсы өшпенділікті қоздырды деп айыптап, концерттерін өткізбеуге үндеп жатыр.

Saida Kastaneda есімді Facebook қолданушысы Қостанай мен облыс әкімдігінен концерт ұйымдастырушылармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап етіп, ел азаматтарын да бейжай қалмауға шақырған.

– Біздің көк түсті, қазақ туының реңіндей қаптаманы өртеткісі келген адамға елімізде мұндай мінез көрсетуге жол бермеу керек!, – деп жазды желі қолданушылары.

Акмаль туралы

Абдулхалитович Ходжаниязов, яғни Akmal’ – Ресей әншісі, ұйғыр ұлтынан шыққан, түбі Түрікменстаннан. Ол «Из-за тебя», «Вдоль дорог» және «По полюшку» әндерімен көпшілікке танылған.

Қазір орындаушы Қазақстан бойынша гастрольдік турда жүр. Қазан айында ол Қостанай, Өскемен және Павлодар қалаларында концерт өткізуді жоспарланған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 4

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір