"Қазгидромет" РМК 26 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Синоптиктер бірқатар өңірде күн райы бұзылуына орай ескерту жариялады.
26–28 қазан аралығында Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райының қолайсыз құбылыстары мен өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысы
26–28 қазан аралығында өңір аумағында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ұлытау облысы
Түнде облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ күтіледі. Сондай-ақ жоғары және төтенше өрт қаупі байқалады, әсіресе оңтүстік аймақтарда.
Қарағанды облысы
Түнде және таңертең солтүстік пен шығыста тұман түседі. Облыстың батысында жоғары өрт қаупі бар.
Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстары
Солтүстік Қазақстанның батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі. Павлодар облысының солтүстігі мен шығысында да түнде және таңертең тұман түседі.
Қостанай облысы
Түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман байқалады. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Қызылорда облысы
Облыс аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Солтүстік және орталық аймақтарда жоғары өрт қаупі байқалады.
Батыс Қазақстан облысы
Батысында, солтүстігінде және оңтүстігінде тұман күтіледі.
Маңғыстау облысы
Түнде және таңертең оңтүстік, батыс және орталық бөліктерде тұман түседі. Өңірде жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысы
Батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Жамбыл облысы
Күндіз шығысында, оңтүстігінде және таулы аймақтарда найзағай ойнайды. Түнде және таңертең сол аудандарда тұман түседі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді. Батыс пен солтүстікте төтенше, ал орталық және оңтүстік бөліктерде жоғары өрт қаупі бар.
Абай облысы
Оңтүстік және орталық аймақтарында жел оңтүстік-шығыстан солтүстікке ауысып, 15–20 м/с жылдамдықпен соғады. Оңтүстікте жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысы
Оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысы, солтүстік-шығысы және орталығында төтенше өрт қаупі байқалады.
Жетісу облысы
Оңтүстік-батыстан жел соғады, Алакөл көлдері маңында оның екпіні 15–20 м/с жетеді.
Шығыс Қазақстан облысы
Оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні орталық және оңтүстік-шығыс бөліктерде 15–20 м/с болады.
Атырау облысы
Оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі, ал солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.