Мақпал Жүнісованың “егізіндей” әнші туралы видео жұртты күлдірді.
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде өзіне ұқсайтын “егізіндей” әйелдің бейнесін жариялап, оқырмандарын күлдірді. Видеода әншінің “жолдасы” Алматыдағы түнгі клубтардың бірінде Мақпалдың дауысына ілесіп, сахнада өнер көрсетіп жатыр.
«Алматыдағы бір түнгі клубта менің атымнан Республика күнімен осылай құттықтапты. О, Тәңірім, шашына қараңыздаршы!» — деп әзілдеді Мақпал Жүнісова.
Мақпал өз жазбасында, бейнедегі көріністің көңілін көтергенін айтып өтті. Әсіресе жастардың Әсет Бейсеуовтың “Армандастар” әнін ести сала бірге шырқай бастауы оны қуантқан.
Желі қолданушылары мен әріптестері бұл видеоны жылы қабылдап, пікір қалдырды: