ҚПЛ Футбол Бәрі-бір Жекпе-жек Жаңалықтар Хоккей Авто Теннис Фитнес Киберспорт Болжам Ойыннан тыс Чемпиондар лигасы
ҚПЛ ҚПЛ 26-тур

«Мұнда да тонаудың амалын тапқан»: Қуат Хамитов "Интер" – "Қайрат" матчы жайлы

Бұл жолы қазақ футболының негізгі хейтері билеттер бағасына байланысты пікір білдірді.

«Мұнда да тонаудың амалын тапқан»: Қуат Хамитов "Интер" – "Қайрат" матчы жайлы
Қуат Хамитов

Қазақстандық ММА жауынгері Қуат Хамитов Чемпиондар лигасындағы «Интер» – «Қайрат» матчының билеттер бағасына қатысты пікір білдірді.

Алматылық клубтың баспасөз қызметі Миланда өтетін Чемпиондар лигасының төртінші турындағы «Интерге» қарсы ойынға билет сату басталғанын хабарлады. «Сан-Сиродағы» «Джузеппе Меацца» стадионының қонақтар секторына арналған билеттердің бағасы «Қайраттың» өз алаңындағы ойындардағы бағадан әлдеқайда арзан болып шыққан. Онлайн сату нүктелерінде билеттер 7000 теңгеден сатылуда.

«Мұнда да өз халқын тонаудың амалын тапқан», — деп жазды танымал файтер Instagram-дағы kzsports парақшасында.

Айта кетсек, алматылықтардың Чемпиондар лигасындағы «Реал» және «Пафосқа» қарсы үй матчтарына билеттердің бағасы 30 мыңнан 250 мың теңгеге дейін болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?