48 жастағы актриса және әнші Айгүл Иманбаева сахнадағы жаңа бейнесімен көпшіліктің назарын аударды. Алайда кейбір желі қолданушылары оның образына сын айтты.
Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында ақ атластан тігілген, ұзын шлейфті және биік ойықтары бар көйлекпен түсірілген видеосын жариялады. Көйлектің сәнін ірі інжумен безендірілген әшекейлер толықтырды.
Актрисаның шаш үлгісі мен макияжы да көрініске айрықша әсер беріп, бейнені одан әрі жарқырата түсті. Видеода Айгүл коридормен жүріп келе жатып, камераға күлімдей қарайды.
Желі қолданушыларының бір бөлігі Айгүлдің сымбатына тамсанса, енді бірі оның киім таңдауына қарсы пікір білдірді:
«Нағыз сұлулықтың символы»,
«Айгүл ханым, өте көрікті әрі сыпайысыз»,
«Көйлек әдемі, бірақ ойығы тым биік»,
«Соңғы кезде өзгеріп кеттіңіз, бұрынғыдай емес»,
«Саған мұндай ашық киім жараспайды, немереңіз бар ғой»,
«Керемет образ! Нағыз жұлдыз!» — деп жазды қолданушылар.
Айгүл Иманбаева соңғы жылдары сахнада да, әлеуметтік желіде де жаңа стиль қалыптастырған. Ол қазақ өнеріндегі әйелдің заманауи бейнесін батылдықпен көрсетіп жүрген өнер иелерінің бірі саналады.