Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева танымал продюсер, режиссер Баян Алагөзованың Алматыдағы сән-салтанаты келіскен зәулім үйіне қонаққа барып, әсерлі сәттерін бөлісті.
Өнер жұлдыздары бұл кездесуді Баян Алагөзованың “Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері” атағын алу құрметіне орай өткізген.
Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында досына арналған жылы лебізін білдірді:
«25 жылдық достық – бұл мақтануға да, қуанышқа да себеп. Қымбатты Баян, сені ерекше қадірлеймін. Үйіңнен шаттық пен береке кетпесін», — деп жазды әнші.

Бейнежазбада Баян Алагөзованың заманауи үлгіде безендірілген кең үйі мен жылы атмосферасы байқалады.
Айта кетейік, Айгүл Иманбаева мен Баян Алагөзова ұзақ жылдар бойы бір-бірін қолдап келе жатқан жақын достар. Екі өнер иесінің достығы – қазақ шоу-бизнесіндегі сыйластық пен өзара құрметтің үлгісі саналады.