Қазақстандық әнші Қайрат Нұртастың әкесі, продюсер Нұртас Айдарбеков әлеуметтік желіде немерелері мен үлкен келіні Жұлдыз Әбдукәрімованың отбасылық тойындағы видеосын жариялап, оқырмандарын елжіретті.
Жүктелген бейнероликте алдымен Нұртас Айдарбеков немересі Ханмен бірге кадрға түседі. Содан кейін ол кішкентай Рәбия Сұлтан есімді жиен немересін еркелетіп отырған сәттері көрсетіледі.
Кадрда Қайраттың жары, актриса әрі блогер Жұлдыз Әбдукәрімова да көрінеді. Видео соңында Қайрат Нұртастың өзі де пайда болып, жыламсырап тұрған кішкентай қызын қолына алып жұбатқан сәті түсірілген.
Бұл отбасылық жиын Жұлдыз Әбдукәрімованың әулетіндегі тойлардың бірінде түсірілгені айтылды.
Видеоның астына Нұртас Айдарбеков жүректен шыққан тілегін жазып қалдырған. Ол немерелерінің көп болуын тілеп, шүкіршілігін жеткізді:
«Немерелеріміздің қатары көбейе берсін. Бергеніне шүкір деп өмір сүріп жатырмыз. Бала-шағамызды, немерелерімізді жаман көзден сақтасын, қуанышымызды көбейтсін», – деп дұға тілеген ол.
Желі қолданушылары бұл жазбаны жылы қабылдап, әулетке ақжарма тілектерін жаудырды.
Пікір жазғандардың басым бөлігі Нұртас Айдарбековтің немерелеріне деген махаббатына тәнті болғанын жасырмады: