539 мың теңге: Алматы әкімі түрғындардың орташа жалақысын айтты

Сарапшы, спорт журналисі

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жылдың алғашқы тоғыз айында қалада орташа айлық жалақы 539 000 теңгеге жеткенін мәлімдеді.

539 мың теңге: Алматы әкімі түрғындардың орташа жалақысын айтты
Иллюстрациялық сурет

Әкімнің мәлімдеуінше, қаланың негізгі басымдығы ретінде ұзақмерзімді дамудың берік іргетасы саналатын тұрақты экономикалық өсім сақталады. Ол Алматы биыл да жоғары іскерлік белсенділікті көрсетіп, инвестициялық ахуалдың оң динамикасын ұстап тұрғанын атап өтті.

Сонымен қатар қала басшысы тұрғындардың әл-ауқатын арттыру мәселесіне айрықша көңіл бөлінгенін жеткізді. Оның айтуынша, 2025 жылы Алматыда 92 мың жаңа жұмыс орны ашылып, олардың 87 пайызы тұрақты жұмыс орындарына тиесілі болды.

Сондай-ақ жыл басынан бергі алғашқы тоғыз айдың қорытындысы бойынша қаладағы орташа айлық жалақы 539 мың теңгеге жеткен. Бұл көрсеткіш номиналды түрде 14,5 пайызға өсіп, республика бойынша орташа деңгейден 29 пайызға жоғары болғанын қала әкімі Дархан Сатыбалды атап өтті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір