Қаралы хабар бүкіл жұртшылықты терең күйзеліске салды.
Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО халық әртісі Асанәлі Әшімов 88 жасында дүниеден өтті. Қаралы хабар бүкіл жұртшылықты терең күйзеліске салды.
Асанәлі Әшімов 1937 жылдың 8 мамырында Жамбыл облысында дүниеге келген. Ол театр институтында кәсіби білім алып, шығармашылық жолын Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында бастаған.
Асанәлі Әшімов:
Оның сахнадағы және экрандағы бейнелері бірнеше буын көрерменнің жадында сақталды.
Өнегелі ғұмырында ол бірқатар биік белестерді бағындырды. 1980 жылы — КСРО халық әртісі атағы берілді. 2017 жылы — мемлекет алдындағы айрықша еңбегі үшін Қазақстанның Еңбек Ері жоғары наградасымен марапатталды.
Асанәлі Әшімовтің есімі «Атаманның ақыры», «Транссібір экспресі» және өзге де тарихи-көркем кинотуындылар арқылы халық жадында мәңгі сақталады. Оның жарқын бейнесі мен бай шығармашылық мұрасы ұлттық мәдениет пен руханият тарихында өшпес із қалдырды.
Қазақ өнері тағы бір алып тұлғасынан айырылды. Марқұмның отбасы мен жақындарына, күллі өнер қауымына қайғыра көңіл айтамыз.