Қазақстандық әнші Әли Оқапов әлеуметтік желіде Асанәлі Әшімовпен бірге түсірілген сирек кадрларды жариялады.
Желіге шыққан бейнежазбада Асанәлі Әшімов жұбайымен бірге Әли Оқапов орындайтын «Сүйем сені» әніне билеп тұрғаны көрінеді. Ерлі-зайыптылар әнге іштей қосылып, баяу ілесе айтқандай әсер қалдырады. Материалдың сипаттамасына қарағанда, видео бір салтанатты шара кезінде мейрамхана кешенінде түсірілуі мүмкін.
Жазба жарияланғаннан кейін оқырмандар пікірде көңіл айтып, Асанәлі Әшімовтің қазақ киносына қалдырған ізі ерекше екенін атап өткен.
Қазақ киносы мен театрының аңызына айналған актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов 21 желтоқсанда 89 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Сондай-ақ бүгін Алматыда оны соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өткен.