Мальдивте демалып жүрген Қайрат Нұртас кенже қызымен түскен жылы видеосын көрсетті
Қазақстандық танымал әнші Қайрат Нұртас отбасымен бірге Мальдив аралдарында демалып жүр. Өнер иесі Instagram парақшасында кенже қызы түскен әсерлі видеоны жариялап, желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.
instagram/@kair_n
Жағажайдағы кадрлар жұртты сүйсіндірді
Жарияланған видеода Қайрат Нұртас жағажайдан шығып келе жатады: үстінде ақ шолақ шалбар, көзінде қара күннен қорғайтын көзілдірік. Ол қолына өзінің бесінші перзентін — кенже қызын көтеріп алған.
Ал бүлдіршін леопард өрнекті купальник пен панама киіп тұрғаны байқалады. Әнші бейнежазбаға қысқа ғана:
"Рәбия Сұлтан" – деп жазып, жұлдызша және ақ жүрек эмодзилерін қосқан.
Пікірлер легі: "Нағыз әке осындай болады!"
Желі қолданушылары видеоны көріп, жылы лебіздерін аямады. Пікірлердің басым бөлігі отбасылық бақыт пен әке мейірімін ерекше атап өткен.
Оқырмандардың жазбасынан үзінділер:
"Отбасыңыз аман болсын, берекелі болсын!"
"Бұл – нағыз бақыт!"
"Қайрат, шынайы әкесіз, қарау қандай жағымды!"
"Әкесі құшағында қандай бақытты!"
"Мальдивте әке мен қыз – өте әсерлі көрініс"
Arena Olimpbet-те спорттың ең жаңа және қызықты жаңалықтарын оқыңыз! Толығырақ мәліметтер, талдау және қажеттінің барлығы — сілтеме бойынша: arena.olimpbet