Дүйсенбі күні ауа райы күрт нашарлайды.
"Қазгидромет" 12 қаңтарға Қазақстан аумағы бойынша жалпы ауа райы болжамын жариялады. Оған сәйкес, дүйсенбі күні еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын күтіледі.
“Батыстан келген циклон және оған байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аумағының көп бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), боран және көктайғақ әкеледі”, – делінген РМК "Қазгидромет" хабарламасында.
Түркістан облысы: Түнде облыстың басым бөлігінде күшті жауын-шашын (жаңбыр мен қар аралас) күтіледі.
Шығыс Қазақстан: Дүйсенбі күні өңірдің шығысында қалың қар жауады деп болжануда.
Жұмыс аптасының басындағы қолайсыз ауа райы көлік қозғалысын қиындатуы мүмкін.