Қазақстандық әнші, көпшілікке "Қайда?" хитымен танылған Ерке Есмахан отбасымен Мальдив аралдарына демалысқа ұшып, тұрып жатқан сәнді президенттік вилласын көрсетті.
Әнші әлеуметтік желіде виллаға шағын рум-тур жасап, отбасына қонақүй тарапынан президенттік апартаментке көшу ұсынылғанын айтты. Ерке мен жұбайы бұл ұсынысты қабылдап, жаңа виллаға қоныстанған.
Еркенің сөзінше, жаңа апартаменттер өте таза әрі жинақы, кең және жайлы күтушілерге арналған бөлек бөлмелері бар.
Ал ерлі-зайыптылар үшін сәнді жатын бөлме, кең қонақ бөлме, мұхитқа қарайтын көрінісі бар жеке бассейн қарастырылған.
Әнші жаңа виллаға ерекше разы болып, әсерін жасырмады.
Бұл жағдай әлеуметтік желідегі сын-пікірлерден кейін болғаны да айтылды. Бұған дейін Ерке бұйра шашпен түскен суреттерін жариялап, фотоларды түсірген адам RaiM екенін жеткізген. Алайда кейбір қолданушылар шашты парик деп қабылдап, әншіні сынаған.
Ерке болса, әрбір жағымсыз жағдайдан кейін өмірінде жақсы жаңалық болатынын, сол үшін үнемі Жаратқанға шүкіршілік ететінін атап өтті.