Қазақстандық продюсер, танымал әнші Қайрат Нұртастың анасы Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында Бали аралындағы демалысынан көңіл-күй сыйлайтын кадрларды жариялады.
Желіде тараған видеода Гүлзира ханым сарқырама маңында көзге түседі. Ол тор көзді екілік киіммен (жейде мен шалбар) табиғат аясында түсірілім жасап, өзіне тән жылы энергиясымен ерекшеленген.
Кадрларда ол өзен жағасында поза жасап, кейін жасыл алқаппен серуендеп, айнала көріністің әсемдігін тамашалайды.
Жазбада фон ретінде Гүлзира Айдарбекова жұбайымен бірге орындайтын әннің әуені қойылғаны да байқалады. Бұл деталь көрерменге роликтің атмосферасын одан әрі күшейте түскен.
Жазба мәтінінде продюсер демалысын естелік ретінде қалдырып, көпшілікке де саяхаттауды насихаттаған. Ол өмірдің бір-ақ рет берілетінін айтып, әлемді көруге мүмкіндік тілеген мазмұнда ой қалдырған.
Жазылушылар Гүлзира ханымға жылы лебізін арнап, демалысының сәтті өтуін тілеген. Пікірлер арасында оның табиғи сымбаты, тәрбиесі мен отбасы құндылықтары туралы да жазылған. Сонымен бірге тыңдалған әнге қатысты да оң бағалар көп болған.