Жуырда TikTok-тағы трендтер мен хайп видеолар арқылы танылған Ақбота Нұрахын әншілік мансабын бастаған болатын.
1 миллионнан астам оқырманы бар танымал блогер Ақбота Нұрахын (Ботамия) Қырғызстанда сахнаға шығып, әншілік бағыттағы алғашқы дебютін жасады. Осылайша, TikTok-тағы трендтер мен хайп видеолар арқылы танылған контент-мейкер бұл жолы өзін әнші ретінде сынап көрді. Бұл туралы kz.kursiv.media хабарлады.
Ақбота Нұрахын Қырғызстанда өткен Bloger Fest фестиваліне қатысып, концерттің шымылдығын "Ред флаг" атты жаңа әнімен ашты. Фестивальге Қазақстаннан бірқатар танымал блогер мен өнер өкілдері де барды. Олардың қатарында Дарикорн, Баянсұлу, Аружан Бекболат бар.
Ботамияның жаңа әнінің үзіндісі әлеуметтік желіге жарияланған сәттен бастап, оқырман пікірі екіге жарылды. Көпшілік блогерді оның бишілік қыры арқылы жақсы білетінін айтып, әншілік дебютін сынға алды.
"Бәрі әдемі, ән ғана ұнамады. Не мән жоқ, не мағына жоқ, не әуен жоқ, құлағымнан ұялдым. Ал былай әдеттегідей отсың, Бота Миа. Рилс түсіріп, би билеп жүре берші, үлкен өтініш. Өтпеді", — деп жазды.
Сондай-ақ, сахнадағы орындау техникасы да назардан тыс қалмады.
"Бота жаным, харизма ұрып тұр. Бірақ микрофон бір жақта өзі айтып тұр. Ол жағы болмады", — деп сын айтты кей көрермен.
Алайда блогерді қолдағандар да аз емес. Олар Ақботаның батылдығын жоғары бағалап, бұл тек бастамасы екенін атап өтті.
"Қазақстанның JLO-сы болып тұр ғой. Тек алға"
"Диван сыншылар, тыныш отырыңдар. Ол алғашқысы бастамасы. Әлі талай сахнаны жарады Бота. Жарайсың, тоқтама", — деп жазды жанкүйерлер.
Концертке киіп шыққан сахналық образ да қызу талқыланды. Бірі Ботамияның сырт келбеті мен хореографиясына тәнті болды.
"Не боп жатыр мұнда? Костюмі қандай, неткен хореография, дене бітімі қандай", — деп жылы пікір білдірді.
Ал енді бір оқырмандар блогердің қысқа көйлекпен шыққанын құптамады.
"Басында ұнаушы еді. Ашық киіне бастағалы ерсілеу көрінеді", — деп жазды олар.