"Қымбат әрі бай": Мәдина Сәдуақасова имиджін өзгертіп, тың образымен елді таңғалдырды

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық танымал әнші Мәдина Сәдуақасова стилін жаңартып, Instagram желісінде жаңа фотоларын жариялады. 

"Қымбат әрі бай": Мәдина Сәдуақасова имиджін өзгертіп, тың образымен елді таңғалдырды
instagram/@sadvakasovamadina

Жаңа образ қандай?

46 жастағы өнер иесі бұл жолы қара түсті кең пальто мен клош-қалпақ киіп, классикалық әрі сәнді бағытқа бет бұрғанын байқатты. Образын қара күннен қорғайтын көзілдірік толықтырса, аяғында биік қонышты қара былғары етік көзге түсті.

Әнші стиль өзгерісіне қатысты пікірін де жасырмады. Оның айтуынша, командасына жаңа стилист қосылған.

"Командамда жаңа стилист пайда болды. Ол Мәдина Сәдуақасованы дәл осылай көреді. Бірден сұрайын: қалай, жарасып тұр ма, жоқ па? Бұған үйренуім керек сияқты, бірақ шынымды айтсам, бәрі өзіме қатты ұнап тұр", – деп жазды ол.

Әріптестері мен жанкүйерлер не деді?

Алғашқылардың бірі болып фотоға әнші Say Mo пікір қалдырған.

"Стильді, қымбат әрі бай, жаным", – деп жазды ол.

Жанкүйерлер де түрлі баға берді:

"Жарасып тұр, бірақ бір ашық түсті деталь қоссаңыз жақсы" 
"Сізге тіпті пакет ұстасаңыз да жарасады" 
"Бұрынғысынан жақсырақ" 
"Сұлу Мәдина!" 

Еске салайық, бұған дейін Мәдина Сәдуақасова анасының 70 жылдық мерейтойын кең көлемде атап өткенін көрсетіп, көпшіліктің ықыласына бөленген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір