"Мода, харизма, мінез": Кәмшат Жолдыбаева жаңа фотосессиясын жариялады

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық әнші әрі актриса, "КешYOU" тобының бұрынғы солисі Кәмшат Жолдыбаева Instagram парақшасында сәнді образдармен түсірілген жаңа фотоларын көрсетті. Желі қолданушылары жас ананың жаңарған стилін жоғары бағалап, жылы пікірлерін жаудырды.

"Мода, харизма, мінез": Кәмшат Жолдыбаева жаңа фотосессиясын жариялады
instagram/@kamshat__zholdybayeva

Instagram-дағы жаңа жазба

Кәмшат Жолдыбаева фотосессия кадрларын жеке блогына жариялап, жазба астына: “Қай образды таңдар едіңіз?” деген сұрақ қалдырған.

Жарияланған суреттерде экс-солист төрт түрлі стильді образда позаға түсіп, әрқайсысын бөлек мінезбен жеткізуге тырысқан. Пост қысқа уақытта 4 мыңға жуық лайк жинап, қызыл жүрек эмодзилерімен толы комментарийге ие болды.

Оқырмандар не деді?

Пікір жазған оқырмандар Кәмшаттың сырт келбеті мен харизмасын ерекше атап өтті. Әлеуметтік желідегі комментарийлер арасында мынадай жазбалар жиі кездескен:

  • “Барлық образ өте әдемі. Стиль, мода, харизма, мінез!”
  • “Сен отсың, сұлу! Мінсізсің”
  • “Бәрі өзіңе жарасады, өзің де, мүсінің де керемет”
  • “Кәмшат қайта оралды”
  • “Нағыз сәнқой”
Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 0
👎 0
😂 0
😡 0
×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір