Қазақстандық танымал актриса әрі әнші Айгүл Иманбаева туған күнінде өз өміріндегі басты қағидаларын жария етті.
“Жұлдызға арналған коктейль” фильмі арқылы көпшілікке кеңінен танылған қазақстандық өнер иесі 15 наурыз күні туған күнін атап өтті. Өнер иесі 49 жасқа толды.
Туған күніне орай Айгүл Иманбаева өз өмірлік ережелерін бөлісіп, адам үшін ішкі тыныштық пен өз-өзіңмен үйлесімде болудың маңызын атап өтті.
“Өзіңмен үйлесімде болу. Өзіңді жоғалтпау. Өзіңе опасыздық жасамау. Жан тыныштығымен үйлесім табу”, — деді Айгүл Иманбаева.
Өнер иесі әлеуметтік желіде туған күн кешінен бірнеше сурет жариялады. Кадрларда Айгүл Иманбаева қолына ақ және көгілдір гүлдермен безендірілген, үстіне шырақ қойылған мерекелік торт ұстап тұрғанын көруге болады.
Туған күнімен құттықтағандардың қатарында қазақстандық шоу-бизнес жұлдыздары да болды. Олардың арасында Айгүл Мүкей, Динара Сәтжан, Ирина Тен, Салтанат Бақаева және өзге де танымал тұлғалар бар.
Жанкүйерлері де актрисаны жылы лебізбен құттықтап, әлеуметтік желіде көптеген пікір қалдырды.
Оқырмандар пікірлерінде: