Танымал әншілер Айгүл Иманбаева мен Жазира Байырбекова әлеуметтік желіде жарқын бейнежазба жариялап, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Өнер иелері Instagram парақшасында көңілді би билеген видеосын жариялады. Кадрдан екі әншінің де сахналық образда шыққанын байқауға болады. Айгүл Иманбаева бұл жолы пісте түстес көйлек кисе, Жазира Байырбекова зүбаржат түстес көйлекпен көпшілік алдына шыққан.
Бейнежазбада қос әнші “Ene Minie My Love” әнінің ырғағымен еркін би билеп, жанкүйерлеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлаған.
Жарияланған видео көп ұзамай желіде қызу талқыланып, оқырмандар әншілердің сұлулығы мен шынайы энергиясына жоғары баға берді.
Пікір білдірушілердің бірқатары:
Айта кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын қазақстандық әнші Айгүл Иманбаева 49 жасқа толған еді.