Мақпал Исабекова жаңа сәнді образымен жұртты тәнті етті

Сарапшы, спорт журналисі

Қазақстандық танымал әнші Мақпал Исабекова жаңа фотосессиясынан кадрлар жариялап, әлеуметтік желідегі оқырмандарын тағы бір мәрте тәнті етті.

Мақпал Исабекова жаңа сәнді образымен жұртты тәнті етті
instagram/@makosyai

Қандай образда көрінді?

Жаңа фототүсірілімде әнші қысқа қара топ, жолақты қара пиджак, галстук және кең пішілген джинсы шалбармен көпшілік алдына шыққан. Образды толықтырған қара түсті күннен қорғайтын көзілдірік пен дымқыл эффект берілген шаш үлгісі әншінің стиліне ерекше батылдық пен заманауи реңк берген.

Мақпал Исабекованың жаңа келбеті желіде бірден назар аударды. Оқырмандар әншінің образына жоғары баға беріп, пікірлерін жарыса жазған.

Әлеуметтік желіде оған қатысты:

  • “Қыздың өзі нағыз космос”,
  • “Сұлу”,
  • “Өте керемет”,
  • “Тамаша образ”,
  • “Жарайсың”,
  • “Ең жақсыға лайық” деген сарындағы жылы лебіздер жарияланды.

Кейбір жанкүйерлер әншінің көзілдірік таққан образын да ерекше атап өтіп, оның сұлулығы мен харизмасына тәнті болғанын жасырмады.

Мақпал Исабекованың стилі тағы да талқыға түсті

Соңғы уақытта қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің сахналық және күнделікті стильдері көпшіліктің ерекше назарында жүр. Бұл жолы Мақпал Исабекова да сәнді әрі батыл образы арқылы желі қолданушыларының ыстық ықыласына бөленді.

Әншінің жаңа фотосессиясы оның тек вокалдық өнерімен емес, сондай-ақ стиль таңдаудағы талғамымен де оқырман назарын аудара алатынын көрсетті.