Ақтөбеде домбыраны "харам" деген тұрғын қамауға алынды

Сарапшы, спорт журналисі

Діни араздықты қоздыру фактісі бойынша оған қатысты іс қозғалды. 

Ақтөбеде домбыраны "харам" деген тұрғын қамауға алынды
Azattyq-ruhy.kz

Ақтөбе облысында домбыраны "харам" деп атаған ер адамға қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы kursiv media хабарлады. 

"Құрметті қазақ елі, домбыраға қарсы сөйлеген болсам, кешіріп қойыңыздар. Алайда ханафи мазхабында ішекті аспаптар “харам” болып есептеледі", - деп жазған ер адам әлеуметтік желіде. 

Облыстық полиция департаменті өкілдерінің хабарлауынша, аталған тұрғынға қатысты діни араздықты қоздыру фактісі бойынша іс қозғалған.

"Тергеу деректеріне сәйкес, күдікті әлеуметтік желілерде діни негіздегі араздық пен өшпенділікті қоздыруға бағытталған пікірлер жариялаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында оның жеке басы анықталып, ұсталды", – деп хабарлады полиция.

Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторында. Сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауда ұстау түрі таңдалды.

Қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.