"Бес бала туғанына сену қиын": Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова подиумда көпшілікті тәнті етті
Қазақстандық актриса Жұлдыз Әбдукәрімова сән көрсетілімінде подиумға шығып, желі қолданушыларының ықыласына бөленді.
Ерекше образ
Жұлдыз Әбдукәрімова отандық сән көрсетілімдерінің бірінде модель ретінде өнер көрсетті. Актриса белгілі қазақстандық брендтің сәнді әрі әсем көйлегін киіп, подиумда сенімді қадамымен көзге түсті.
Оның сахнадағы келбеті мен жүріс-тұрысы әлеуметтік желі қолданушыларының ерекше назарын аударды. Желіде жарияланған видеодан кейін оқырмандар актрисаның сымбаты мен стиліне жоғары баға беріп, жылы пікірлерін қарша боратты.
Оқырмандардың бірі актрисаның кез келген стильде жарасымды көрінетінін жазса, енді бірі оның сымбаты мен сенімді жүрісін жоғары бағалаған. Сонымне бірег желі қолданушылары бес баланың анасы болғанына қарамастан Жұлдыздың мінсіз формада екенін айтып, таңданысын жасырмады.
“Нағыз ханшайым”: жанкүйерлер пікірі
Желіде актрисаға бағытталған пікірлердің басым бөлігі мақтау мен қолдауға толы болды.
- “Қандай стиль болса да өзіңізге жарасады”,
- “Сымбатыңыз керемет”,
- “Сенімді жүріс, нағыз ханшайым”,
- “Бес бала дүниеге әкелгеніне кім сенеді? Жарайсыз, өте әдемісіз” деген пікірлер қалдырғандар көп болды.