Өскемендік полицейлер Мақпал Жүнісова отырған Lexus көлігін тоқтатты (ВИДЕО)

Спорт шолушысы

Тексеру нәтижесінде жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды,

Өскемендік полицейлер Мақпал Жүнісова отырған Lexus көлігін тоқтатты (ВИДЕО)
видеодан скриншот

Оқиға туралы Telegram-дағы Halyqstan арнасы жазды. Арна мәліметінше, Мақпал Жүнісова Өскеменге концерт қою үшін ұшып келген. Әуежайдан қалаға бара жатқан жолда әнші отырған автокөлікті полицейлер тоқтатқан.

Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 3 мамыр күні Бажов көшесінде болған. Полиция қызметкерлері Lexus LX570 маркалы көлікті тоқтатып, тексеру жүргізген.

Ведомство мәліметінше, тексеріс кезінде көліктің алдыңғы бүйір әйнектерінде қара түсті тонировка болғаны анықталған.

"Жүргізуші көлік құралдарын пайдалану ережесін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды", — деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Мақпал Жүнісова — Қазақстан эстрадасының аңыз тұлғаларының бірі. Әнші бұл жағдай туралы Instagram парақшасында айтқанымен кейін видео өшірілгені хабарланды.