"Әсерлі шыққан": Қайрат Нұртас жаңа дуэтімен тыңдармандарын таңғалдырды
Қайрат Нұртас тыңдармандарына жаңа туындысын ұсынды.
Қайрат Нұртас Мөлдір Әуелбекованы өзі шақырған
Бұл жолы өнер иесі бұрынғы “КешYOU” тобының солисі Мөлдір Әуелбековамен дуэт жазып, бейнебаян шығарды. Жаңа әннің атауы — “Кім ойлаған?”. Қос өнерпаздың шығармашылық тандемі әлеуметтік желіде қызу талқыланып, жанкүйерлердің көңілінен шықты.
“Әркімнің тағдыры әртүрлі, бірақ бақытты болуға бәрінің құқығы бар. Бұл ән Мөлдірдің орындауында ерекше шығатынын білдім, оның сыңғырлаған дауысын естігім келді. Сондықтан бірге орындауды өзім ұсындым. Ерекше дуэт шыққан сияқты ма?” — деді Қайрат Нұртас.
Жанкүйерлер дуэтке жоғары баға берді
Жаңа бейнебаян жарияланғаннан кейін тыңдармандар қос әншінің орындауын жылы қабылдады. Көпшілік Мөлдір Әуелбекованың дауысын ерекше атап өтіп, Қайрат Нұртастың әнге өзіндік реңк бергенін жазды.
- “Керемет дуэт болыпты, Мөлдірдің дауысы тамаша”,
- “Күшті шыққан”,
- “Екі сүйікті әншім бірге ән айтты”,
- “Өте әдемі, әсерлі шыққан”,
- “Мөлдірдің дауысы ғажап”,
- “Ән мұңды екен, Қайрат оны әрлеп жіберді”, — деп жазды жанкүйерлер.
“Кім ойлаған?” әні желіде талқыланып жатыр
Қайрат Нұртас пен Мөлдір Әуелбекованың жаңа дуэті қысқа уақыт ішінде тыңдарман назарын аударды. Әннің лирикалық мазмұны, екі орындаушының дауысы және бейнебаяндағы атмосфера көпшіліктің пікірінше, туындыны ерекше әсерлі еткен.
Қазақстандық эстрада жұлдыздарының бұл бірлескен жұмысы алдағы уақытта музыкалық платформалар мен әлеуметтік желілерде кеңінен таралуы мүмкін.