Логотип Olimpbet
Бонус 222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

Логотип 1xbet Казахстан
Бонус 200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

Логотип Pin-Up Казахстан
Бонус 2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Логотип Winline
Бонус 10 000 тг

Лицензия №22017905 от 28.09.2022

"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты

Редактор Penalty.kz
22.12.2024, 23:35

Былтыр ол үйленетін пәк қыз іздеп жүргенін айтқан еді.

"Жүрегім бос": Қуат Хамитов болашақ жарына қатысты талаптарын айтты
halyq-uni.kz

Аралас жекпе-жек шебері 36 жастағы Қуат Хамитов өзінің болашақ жарына қатысты талаптарын айтты. Спортшының сөзінше, оның жүрегі әлі де бос.

“Жүрегім бос, оның үстіне карьера қуып жүрген жайым бар. Осыдан екі-үш жыл бұрын ата-анама үлкен үй салып бердім. Ендігі арманым – сол шаңыраққа жарымды алып бару. Артымнан өсіп келе жатқан бауырым бар. Бәріміз сол үйде тату-тәтті өмір сүрсек деймін. Болашақ жарым мені жақсы көрсе, мен оны жақсы көрсем болды ғой. Негізі жақсы көрген адам ата-анамды да сыйлайды. Бастысы, қарапайым, ақылды, қазақы тәрбие көрген қыз жолықса екен”, - деді Хамитов.

Еске салайық, былтыр танымал файтер үйленетін пәк қыз таппай жүргенін айтқан болатын. Оның пікірінше, қазіргі қыздардың көбі «бұзылып кеткен».

“Әлеуметтік желідегі өмірі бір басқа, шынайы өмірде мүлдем басқа адам болып шығады. Көпшілігі алкоголь ішеді. Танысып, болашақты жоспарлайын десең, пәк болмай шығады. Мен ондай қыздармен байланысты бірден үземін. Маған жар болатын пәк қыз керек”, - деген еді Хамитов сұхбаттарының бірінде.

Айта кетейік, Қуат Хамитов аралас жекпе-жектен кейін кәсіпқой бокста бір бағын сынап көрсе, қазіргі таңда отандық промоушен ұйымдастырып жатқан күрес шоуына қатысып жатыр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
👍 1
👎 0
😂 0
😡 0

Серіктес жаңалықтары

×
Футбол Теннис Жекпе-жек Хоккей Жаңалықтар Авто Бәрі-бір